10.04.2026
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылы «Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және 1-сыныпқа қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылады.
Аталған бұйрыққа сәйкес, ағымдағы жылы республика бойынша 1-сыныпқа құжат қабылдау электрондық үкіметтің Egov.kz порталы арқылы белгіленген кестеге сәйкес жүзеге асырылады.
Пилоттық жобаға сәйкес Ақмола облысы үшін 1-сыныпқа құжат қабылдаудың келесі мерзімдері белгіленген:
10 маусым мен 31 тамыз аралығында – өтініштерді Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ мектеп кеңсесі арқылы қабылдау
@zerendi_bilim_bolimi
@dinara_kenzhebolatova
@nursulu_zer