"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Ақмола облысы  білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Бәйтерек ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепішілік ата-аналар жиналысы Тақырыбы: “Баланың тәрбиесіндегі ананың рөлі”

                  Ата-аналарға арналған жиналыс
Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі ата - ананың рөлі (тренинг-ойын)
Мақсаты:
Қазіргі заманның ағымына байланысты отбасы құндылықтарын қалыптастыру.
Міндеттері:

*              Ата-аналардың жанұядағы бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру;

*              Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.

*              Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

*              Баланың отбасына  деген махаббатын ояту.

 

 

Кіріспе сөз:

Құрметті ата-аналар және ұстаздар! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Келе жатқан жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

 Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып,  алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Сәндібек Нұршәріпұлына береміз.

 

Келесі сөз кезегі: Капитан полиции Жапар Али Нұргелдыұлына беріледі

Қаралатын сұрақ:

  1. Қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік туралы ақпарат.
  2. Техника безопасности на зимних каникулах.

 


 

Жоспар

Шаттық шеңбері:

Ата — аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір — біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір — бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

Жүрек жылуы: Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз жүректен шыққан жақсы ,жылу сөздерін жүрекшені ұсына отырып тілейді.

Ойын: «Танысу»
 

 

Мақсаты:
1. Ата - аналармен танысып, ашық түрде пікір алмасу.
Шарты:
1. Ата - аналар кезекпен аты - жөндерін айтады. Бұл жерде тек аттарын айтады да, балаларының аттарын айтады. Балаларының есіміндегі бірінші бас әріпіне байланысты мінездеме сөзбен атайды.
Мысалы: Дархан - дана бала. Мұрат - мұратына жететін бала.


Текст